Instagram компьютерге көшіп алды

Instagram компьютерге көшіп алды

Өткен 5 ақпан күні Instagram-ның интернет нұсқасы шықты.

Фотоқызмет әлеуметтік желісі Instagram интернет бетіндегі әлеуметтік желілердің әрекетін енді ғана құп көргендей. Ендігіде суреттердің веб-нұсқалары да болады.

Ендігіде сайтқа тіркелген сәтте ғана достардың жариялаған суреттерін көре алады екенбіз. Мұнда да мобильді нұсқадағыдай «лайк» қойып, пікір жазуға болады.

Сайтта бір ғана батырма арқылы мобильді нұсқасына көшуге болатындай қызметті де қосыпты. Мұндай шешімге сервис Faccebook-тің тікелей бұйрығымен келген.

Instagram құрастырушыларының бірі Кевин Сиситром (Kevin Systrom) «Біз қолданушыларымызға әртүрлі құрылғылар арқылы кіруге болатындай етттік. Біз алғашқы кезде өмірдің қызықты сәттерін далада, ашық аспан астында көрсетуді жоспарласақ, ендігіде жақсы жылдамдығы бар құрылғы арқылы да жоғары сапада сурет көре алу мүмкіндігін жасап отырмыз» дейді.

Ескерте кетейік, Insragram-ды жақында ғана 1 миллиард долларға Facebook компаниясы сатып алған болатын.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: hi-news.ru

А. Құлтай