Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Ғалымдар машинаны ой арқылы басқаруды үйренді

Ғалымдар машинаны ой арқылы басқаруды үйренді

Ғалымдар машинаны ой арқылы басқаруды үйренді

Эссека университетінің ғалымдары ой арқылы машиналарды басқаруды үйренді. Қос зерттеуші арнайы аппараттар арқылы виртуалды ғарыш кемесін ұшырып, басқара білді.

Процесс барысында нейрокомпьютерлік интерфейс жүйесі қолданылған. Бұл аппарат кәдімгідей адам ойын оқыды деген сөз. "Бұл құрылғы арнайы датчиктер арқылы мидан бөлінетін сигналдарды қабылдап, шешім шығарады. Осылайша компьютерге белгілі бір шара қолдануға бұйрық береді. Медиктер бұл әдісті мүгедектерге көмек беру үшін қолданады. Нақтырақ айтсақ, арбаға таңылған адамдар көлігін осы технология арқылы басқара алады", - деді жоба авторлары. Дегенмен ғалымдар бұл технологияны әлде де жетілдіру керектігін айтты.Себебі жүйе кейде қателесіп те жатады екен. Айта кетелік, мұндай тәжірибелер бұған дейін де бірнеше рет өткізілген болатын. Бірақ бұл жолғы жұмыстың басты ерекшелігі, кемені бір емес, екі адамның қоян-қолтық отырып басқаруында болды. Сонымен қатар, жүргізушілерге берілген тапсырма да күрделі болды.

"Екі адам бірігіп отырып ой арқылы кемені белгілі бір бағытқа бұрып отыру керек болды. Олардың таңдауына 8 түрлі бағыт ұсынылды. Процессор осылайша жүргізушілердің ойын оқып, кемені бұрып отырды", - деп сұхбат берді ғалымдар.

ваҒарыш кемелері

Тәжірибе соңында екі адамның бірігіп отырып жұмыс жасауы прибордың нақтылығын 67 пайыздан 90 пайызға дейін арттыратындығы белгілі болды. Сонымен қатар, процессордың реакциясы да екі есе жылдам болатындығы анықталды. Мәселен жүргізушілер бір мезетте кемені кері қарай бұру туралы шешім қабылдаса, компьютер олардың бұл ойын әлдеқайда тезірек түсініп отырған. Ғалымдардың айтуынша, екі мидың сигналын пайдалану фондық шуды біршама бәсеңдетеді. Сонымен қатар, бұл әдіс бір адам жұмыс істеген кезде орын алатын ойдың бөлініп, басқа жаққа алаңдау уақытын толықтырады.

Айта кетелік, бұған дейін NASA ғарыш агенттігі марсоходтарды оймен басқару мүмкіндігін зерттеп көрген болатын. Тәжірибе сәтті аяқталса да, орталық қызметкерлері бұл жүйені іс жүзінде пайдалануға әлі ерте екендігін айтты.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ru.tsn.ua, xn--24-1lcijbtc.xn--p1ai

2436 3
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 06 ақпан 2013, 16:08
Пікірлер
+0
06 ақпан 2013, 17:16

Бұл қолданысқа кірсе не болады...

+0
06 ақпан 2013, 23:59

Миға зиян шығар! :?

+0
07 ақпан 2013, 11:38

қиын ақ...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...