Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Нокианың жаңа қадамы

Нокианың жаңа қадамы

Нокианың жаңа қадамы

Нокиа компаниясының жуық жылдардан бері орасан зор құлдырауға бет алғаны белгілі еді. Тіпті кейбір сарапшылар атаулы марканың дәуірі аяқталды деп болжам да жасап қойған. Қалай деген күнде де телефон саласында ең сапалы марка осы Нокиаға тәуелді еді. Оның құздан құлағандай құлдырауына iPhone және Samsung телефондарының күшті бәсекелестігі себеп болды.

Дегенмен, Нокиа маркасынан үмітін үзе қоймаған тұтынушылар үшін алда тағы көптеген жаңалықтар бар. Өткен жазда бұл компания Lumia типті телефондарды сатылымға шығаратынын айтқан. Жуырда осы типті телефонның белгісі ретінде Nokia EOS телефонын сатылымға шығаратын болады.

Бұл телефонның ең негізгі ерекшелігі – өте жоғары деңгейдегі суретке түсіру құрылғысы болмақ, яғни, бұрын-соңды болмаған 41MP. Бұдан басқа бұрынғыдай-ақ сапа мәселесі ең басты орында тұрады. Мұны бұрынғы Lumia920 телефонының дамытылған нұсқасы деп айтуға әбден болады.

Жуырда компания өкілдері тілшілермен болған сұхбатта алдағы уақытта әртүрлі планшеттер жариялайтынын айтқан.

Финляндия радио-телевизия мекемесі жуырда Нокиа компаниясының ең жаңа экономикалық хал-ахуалын жариялаған болатын. Біраз жылдардан бері құлдырауға бет алған компанияның 2012 жылдың соңғы мезгіліндегі экономикалық пайдасы 440 миллион евро болған. Ал 2011 жылы бұл санды мәлімет керісінше 954 миллион евроға құлдыраған болатын. 2011 жыл бұл компания үшін ең жайсыз мезгіл болып, жалпы өнім құны 10 миллиард евродан 8 миллиард евроға құлдырап кеткен еді.

Демек, 2012 жылдың соңынан бастап әйгілі компания құлдыраудан өсуге қарай көшті деген сөз. Алда әлі жарияланбаған қаншама техникалық құрылғылар бар. Нокиа компаниясы үшін бүкіл әлем тұтынушыларының сенімін ақтау 2013 жылдың еншісінде.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: thenokiablog.com 

1751 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 06 ақпан 2013, 11:41
Пікірлер
+0
06 ақпан 2013, 11:50

Керемет!!!Лумия 820 алам ба деп журмин!!

+0
06 ақпан 2013, 12:33

Бурын сонды болмаган 41мпх деуге келмес. Алдынгы 808 нокиясы 41мпх едiго. :?

+0
06 ақпан 2013, 15:26

41 :-O реалдан да анық көрініс болатын шығар...

+0
06 ақпан 2013, 21:09

Түсінбеймін неге НОКИА Андроид ОС пен смартфондарын шығармайды

+0
07 ақпан 2013, 18:29

Nokia басшысы өзінің бір сөзінде "Егер біз Андроид ОС-қа көшсек, Samsung, BlackBerry және HTC смартфондарының көлеңкесінде қалып қоюымыз ықтимал еді" деген.

+0
07 ақпан 2013, 11:39

ооо көрейік

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев