Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Техно / Шолу / Nokia-ның тағы бір үлгісі

Nokia-ның тағы бір үлгісі

Nokia-ның тағы бір үлгісі

Барселонада өтіп жатқан MWC 2012 техно көрмесінде Nokia компаниясының  Series 40 платформасында жұмыс істейтін үш бірдей су жаңа  ұялы телефон үлгісі халық назарына ұсынылды.

Asha үлгілері қатарында: Asha 202, 203 және 302 үлгілері бар. Asha 202 мен 203 үлгілерін егіз десек те болады, бірақ 202-де қосымша SIM-картаға арналған ұяшық қарастырылған. Телефондардың техникалық сипаттамалар тізімінде: шешуі QVGA (320х240 нүкте) 2,4 дюймдік сенсорлы дисплей, 2-Мп камера, ақпарат алмасуға арналған сымсыз Bluetooth радиомодулі мен FM-радио бар. MicroSD жады карталарына арналған ұяшық та бар.

 
Құрылғыларға Nokia Browser атты браузер орнатылған. Бұған қоса Asha 202 немесе 203 үлгісін сатып алған қолданушы қосымша бонус ретінде 60 күннің ішінде EA компаниясының 40 ойнын телефонына тегін жүктей алады. Nokia Market интернет-дүкенде олардың бағасы 75 еуро шамасында. Салыстыру үшін сізге бір қызық айтайын. Үлгілердің бағасы 60 еуро. Үлгілер диллерлерге сатылымға бірнеше аптадан кейін таратылады.

 

QWERTY пернетақтасы бар  Asha 302 үлгінің бағасы алдыңғы екі телефоннан әлдеқайда қымбат. Бұл үлгіні дүкендерден 95 еуроға сатып ала аласыз. Құрылғының техникалық сипаттамасына көз жүгіртіп өтсек. Сенсорлы 2,4 дюймдік QVGA дисплей,  1-ГГц процессор, 3,2-Мп камера, сымсыз Wi-Fi 803.11b/g/n радиомодулі, RDS функциясы бар FM-радио, құлақшындарға арналған 3,5-мм аудиотіркеуіш пен 32Гб-қа дейін MicroSD  жады карталарын орнатуға болатын ұяшық бұл телефонды бәсекелестерінен әлдеқайда алға қояды. HSDPA желілерінде құрылғы ақпаратты 14,4 Мбит/с жылдамдықпен таратып, қабылдай алады.

Құрылғының өлшемдері 115,2х58,9х13,5 мм тең болса, салмағы 106 г. Бір айта кететіні, Series 40 платформа негізінде құрастырылған үлгі Microsoft Mail for Exchange функциясын толыққанды қолдайды. Бұл функция 303 үлгісіне де орнатылатын болады. Ал Asha 302 үлгісін қазір-ақ сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.

 

Сурет 3dnews.ru

Форумда талқылау

3396 13
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 28 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
28 ақпан 2012, 12:32

Asha 302 көңілімнен шығып отыр. Телефон алу ойда жүр еді

+0
28 ақпан 2012, 14:05

Әйеліме 8-наурызға сыйлық деп "Asha 200" (N 200) алып қойдым. Екі сим-карталы. Ал жоғарыда муахахаладағы көрсетілген Asha 202, 203 және 302 үлгілері Asha 200-дің модификациялары деп есептеймін. Яғни, уже "ескілеу" болып қалған Asha 200-ден айырмашылығы шамалы болады.

+0
28 ақпан 2012, 19:15

қаншаға сатып алып едіңіз??

+0
11 наурыз 2012, 16:06

14 мың

+0
28 ақпан 2012, 14:27

тема телефондар!! 302 шынымен де жақсы үлгі

+0
28 ақпан 2012, 18:02

Арзан екен, бағасына қарап аузым ашлды.

+0
28 ақпан 2012, 18:24

Asha деген аты қызық екен )) Аша Матай ))))

+0
28 ақпан 2012, 18:26

сол Аша матай полюбому сатып алатын сияқты осы телефонның біреуін

+0
29 ақпан 2012, 10:19

ең қымбатын алтын күміс тб неше түрлі тастармен әшекейлеп алып ұстап жүретін шығар)))

+0
29 ақпан 2012, 15:28

ең қымбаты 20 мың шамасында, Айфон алған дұрыс ау)))

+0
29 ақпан 2012, 15:55

Қйареке, сенсор ұнамаушы еді ғо???

+0
29 ақпан 2012, 16:02

Айфонның аты айфон.)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...