Apple өнімдеріне сенім төмендей бастады

Apple өнімдеріне сенім төмендей бастады

Тәуелсіз Ponemon Institute атты ұйымның 31 қаңтар күні таратқан мәліметтеріне сүйенсек, тұтынушылардың Apple өнімдерінің қауіпсіздігіне деген сенімі жаппай төмендеген. Деректерге сүйенсек, 2012 жылы аталған өнім түрі 22-орынға жайғасқан. Apple-ден басқа Google, Facebook сынды әлеумет жағынан үлкен қолдану мөлшеріне ие атақтылар да алдыңғы 20-ның ішінде жоқ. Ponemon Institute әлеуметтанушыларының айтуына сенсек, бұл тізім бүкіл әлемнің әр бұрышындағы аталған өнімді қолданатын миллиондаған адамдардың субъективті көзқарасы негізінде жасалған екен.

Бұл санақ нәтижесі бойынша, тұтынушылар назарындағы ең сенімді қолданушылардың жеке құпияларын өнімді түрде қорғай алатын өндіруші серіктіктер алдыңғы тізімге іліккен. Apple осы ретке тұрғызу бойынша 2009 жылы 8-орынға, 2010 жылы 12-орынға, ал, 2011 жылы 14-орынға өтіп, жыл сайын кері кету үрдісін сақтап келеді.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: currenteditorials.com

M. Auelkhan