Google мен Asus жаңа Nexus дайындауда

Google мен Asus жаңа Nexus дайындауда

Жақында Google мен Asus компаниялары бірлесіп, Nexus 7 планшетінің жаңа бір түрін дайындап жатқандығы жөнінде ақпарат пайда болды. 

Жаңа планшет Google I/O конференциясында көпшілікке таныстырылады деп күтілуде. Ал осы жылдың соңында Google Nexus 7 планшеттерінің 10 миллион данасын сатуды жоспарлап отырған көрінеді. 

Жаңа планшеттің бұрынғыларынан аздаған өзгешеліктері бар. Мысалға, жаңа Nexus дисплейі 1920х1080 пиксельді мүмкіндікке ие болмақ. Сондай-ақ девайстың қалыңдығы мен экран айналасындағы рамасы да едәуір жұқармақ. Ал девайстың бағасы бұрынғы күйінде сақталады. Ол 199 - 249 доллар аралығында болады. 


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет