Googo Camera – мобильді құрылғыларға арналған сымсыз камера

Googo Camera – мобильді құрылғыларға арналған сымсыз камера

Googo Camera - әлем бойынша алғаш шығып отырған iOS және Android операциондық жүйелері негізінде жұмыс жасайтын смартфондар мен планшеттерге арналған гаджет (сымсыз камера). Камера Wi-Fi технологиясы арқылы мобильді девайстарға роутер немесе компьютер көмегінсіз-ақ қосыла алады.

Googo Camera 4 сағат үздіксіз жұмыс жасай алатын, сыйымдылығы 800 мА/сағ болатын аккумулятормен жабдықталған. Сигналдың қабылдау шегі ашық кеңістікте 100 метрді құраса, бөлме ішінде ол 30 метр болады.  

Осылайша, камераны жануарларды, табиғатты және тағы да басқа қашықтағы нәрселерді тамашалау үшін қолдануға болады. Камерамен жұмыс жасау үшін девайсқа арнайы қосымша орнатсаңыз жеткілікті. Гаджеттің бағасы 50 долларды құрайды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет