Liquid E1 – Android Jelly Bean негізіндегі Acer ұсынған смартфон

Liquid E1 – Android Jelly Bean негізіндегі Acer ұсынған смартфон

Acer компаниясы Android 4.1 Jelly Bean операциондық жүйесі негізінде жұмыс жасайтын жаңа Liquid E1 смартфонын ұсынды. Смартфон 540х960 пиксельді мүмкіндікке ие өлшемі 4,5 дюймды дисплеймен жабдықталған.  

Acer Liquid E1 девайсының екі ядролы гигагерцты процессоры, 1 ГБ оперативті және 4 ГБ флеш-жады, сондай-ақ 5 Мп камерасы бар. Смартфон microSD картасымен де жұмыс жасай алады. Bluetooth 3.0 және Wi-Fi сияқты сымсыз байланыстарды да қолдайды. Acer Liquid E1 GPS және FM-радио сигналдарын қабылдау мүмкіндігіне ие. 

Смартфонның нарыққа қашан шығатыны және оның қанша тұратыны әзірге белгісіз болып отыр.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: antiiphone.net

Б. Қосмағамбет