Sony ең жұқа планшетті таныстырды

Sony ең жұқа планшетті таныстырды

Sony компаниясы диагоналі 10,1 дюймды Xperia Tablet Z планшетін таныстырды. Құрылғы Android 4.1 операциондық жүйесімен жұмыс жасайды. 

Xperia Tablet Z планшеттер арасындағы ең жұқасы болып отыр. Оның қалыңдығы бар болғаны 6,9 миллиметр. Салыстыру үшін айта кетейік, осыған дейінгі ең жұқа болып келген Toshiba Excite 10 LE планшетінің қалыңдығы 7,7 миллиметр. Asus Transformer Prime TF201 қалыңдығы 8,3 миллиметр. Samsung Galaxy Tab 10.1 планшеті 8,6 миллиметр қалыңдыққа ие. 

Sony ұсынған жаңа өнімде төрт ядролы Qualcomm процессоры жұмыс жасайды. Аппарат 32 гигабайт ішкі және 2 гигабайт оперативті жады бар. Планшет иесі интернетке Wi-Fi немесе ұялы байланыс арқылы шығуына болады. 

Xperia Tablet Z экранының мүмкіндігі 1920-ға 1200 нүктелі. Планшет 8,1 мегапиксельді камерамен жабдықталған. Құрылғының батарея сыйымдылығы сағатына 6000 миллиампер. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: technodaily.ru

Б. Қосмағамбет