iPhone 5S. Тұжырымдамалық нұсқа

iPhone 5S. Тұжырымдамалық нұсқа

Ғаламтор беттері жақын арада айфон телефонының  жаңа нұсқасы шыққалы жатқаны жайлы сыбыстарға толы. Алайда, Frank_Snk никті дизайнер ресми анонсты күтпей-ақ, iPhone 5S смартфонының өз нұсқасын жасап шығаруды жөн көріпті. 

Құрылғы толықтай үстел үстілік Mac OS X компьютеріне айнала алады. Ал смартфонға орнатылған проекторлар арқылы үлкен де сапалы суретті экранда үлкейтіп көрсететін болады. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, мұндай идеяны іске асыру үшін өндірушінің 20 жыл уақыт кетеді-міс.

Негізгі мақсат - ол кішкене компьютер секілді смартфон жасап шығару. Ал пернетақта мен мониторды аталған құрылғының проекциясы алмастырады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: 24gadget.ru

Ж. FM