Қытайда қағаздан қарындаш жасап шығаратын құрылғы ойлап табылды

Қытайда қағаздан қарындаш жасап шығаратын құрылғы ойлап табылды

Қытайда Чэньчжу Руан, Яньюань Лю, Синьвэй Юань және Чао Чень атты өндірістік дизайнерлер қажет емес А4 форматындағы қағаздарды қарындашқа айналдыратын аппарат ойлап тапты. Оның жұмыс жасау принципі қарапайым: құрылғы қағаз материалдарын қажетті өлшеммен орап, қарындаш формасына сай етіп, өнімді дайын күйде шығара бермек. 

Әрине, құрылғының әлі де кемшін тұстары көп. Бірақ ойлап табушы мамандар оны тез арада шешіп, құрылғыны жақын арада тезірек жаппай өндіріске қосуды жоспарлап отыр.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: cominftech.ru

Б. Қосмағамбет