Жаңа технология: ойынды шындыққа айналдыру

Жаңа технология: ойынды шындыққа айналдыру

"IllumiRoom" - "Microsoft Research" командасының жаңа концептісі. Аталған жүйе экран алдында ауқымды аумақ жасап, өз кезегінде визуальдық образдарды тірілткендей болады. Және ең бастысы, үй бөлмесінде отырып-ақ интерактивті қызыққа бата аласыз.

Экранда болып жатқан дүние мен сыртқы ортаның арасындағы виртуальды және физикалық кеңістікті байланыстыра түседі. Мәселен, "IllumiRoom" жүйесі бөлменің аурасын өзгертіп, қозғалыстардың сұлбасын, яки иллюзиясын түзеді. Сол арқылы ойында жаңа мүмкіндіктерді аша түсуге мүмкіндік сыйлайды.

Жаңа жүйе бөлменің геометриясы мен қоршаған ортасына тәуелді. Ол үшін күні бұрын арнайы жабдықтарды алу керек. Ең бастысы, экран ішіндегі өмірдің жасампаздығын аңғартады.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет:mirfactov.com

Л. Лига