StickNFind - бұйымдарды іздеп табуға арналған құрылғы

StickNFind - бұйымдарды іздеп табуға арналған құрылғы

StickNFind - жаңа заманғы Bluetooth-стикер. Қолданылу тәртібі мынадай: StickNFind чипін өзімізге қажет нәрсеге жабыстырып қоямыз. Одан соң смартфон немесе планшетке арналған тегін арнайы бағдарламаны жүктейміз. Осы әрекеттерді орындағаннан соң, гаджет бетінде өзімізге қажет нәрсенің орналасқан жері жөнінде радар пайда болады. Радар радиусын да қолмен баптауға болады. StickNFind-тен (стикерден) таралған сигнал үнемі радарға көрініп, заттың иесі де оның қай жерде екенін оп-оңай таба алады. 

Сигналдың максималды радиусы 30 метрді құрайды. Ал керекті затқа орнатылатын стикер диаметрі 25 цент тиынның өлшемімен бірдей. Салмағы 4,5 грамм. Барлық көрсетілген бұйымдарды iOS-құрылғыларының (iPhone 4S, iPhone 5, iPad 4, жаңа iPod touch, iPad mini және де Android 4.0-тен жоғары операциондық жүйесі орнатылған телефондарқосымшасындағы радардан байқауға болады. Бір мобильді құрылғы 20 стикерді қатар бақылай алады. Әзірге бұл технология жаппай саудаға түсе қойған жоқ. Бірақ қазірдің өзінде оған 35 долларға тапсырыс беруге болады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: techvesti.ru

Б. Қосмағамбет