Нокия компаниясының бас директоры тілшілерді не үшін айыптады?

Нокия компаниясының бас директоры тілшілерді не үшін айыптады?

Нокия компаниясының бас директоры Стивен Элоп 9 қаңтар күні тілшілер қойған «NOKIA Android нұсқасын жариялауды жоспарлап отыр ма?» деген сұраққа «Microsoft компаниясымен ынтымағымыз жақсы болғанымен, болашақта бәрі де мүмкін» деп жауап берген. Тілшілер бұл жауапты «Nokia Android нұсқасын жарияламақшы» деп іліп әкеткен.

Арада  жарты күн өтпестен, Стивен Элоп қайта түсініктеме беріп, тілшілердің қателігін айыптап, өзі берген сұхбаттың нақты аударма нұсқасын жариялады.

Сұрақ: Nokia 2013 жылы Android нұсқасын жарияламайды деп кесіп айта аласыз ба?

Жауап: Тоқтаусыз дамып отырған телефон бәсекесінде біз Microsoft компаниясымен шынайы селбесіп, бірге Windows Phone жүйесін дамытуды көздеп отырмыз. Біз ешқашан өз бағдарымыздан айнымаймыз. Осы жүйе жөнінде тоқтаусыз күзету, ойлану басқышындамыз. Техника саласының болашақтағы даму бағдарын зерттеп отырмыз. Мысалы, HTML5-дің болашағы бар ма, Android-тың дамуы қалай болмақ дегендер.

Ал біздің негізгі зерттеу нысанымыз - Windows Phone 8.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: androidspin.com

Қ. Қауымбек