Ғалымдар «қағаз» планшет жасады

Ғалымдар «қағаз» планшет жасады

Ағылшын ғалымдары қағаз қалыңдығындай ғана болатын планшет жасап шықты, деп хабарлайды The Daily Mail. Оны бүктеуге де, лақтыруға да болады. Сонымен қатар, планшет қағаз өнеркәсібін жоқ қылады дейді ғалымдар.

Бірінші нұсқаның көлемі 10,7 дюйм. Электронды «қағазды» Квин Мэри жекеменшік университетінің ғалымдары құрастырған. Олардың айтуынша, бұл жаңалық компьютерлік өндіріске төңкеріс әкелмек. Келер 5 жылдың ішінде майысатын, жұмсақ компьютерлер қолданысқа енетін көрінеді.

Құрастырушы топ жаңа планшетті таныстырып, жұмыс алаңының жаңа концептісін ұсынды. Планшеттік бетше компьютер мониторындағы терезелердің қызметін атқаратын болады. Бұл дисплейлерді электронды кітап ретінде де қолдануға болады. Ал келесі бетке өту үшін қолданушы «қағаз» планшетті тек майыстыруы керек екен.

Ғалымдар бұл құрылғы қағаз өнеркәсібін толықтай тоқтатып тастайды деп сенеді. Қазіргі уақытқа дейін оның түрлі-түсті нұсқасы шықпады, десек те, зертханаларда қызу жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mhealth.ru

А. Құлтай