Sony компаниясы PlayStation 2 консольдерінің сатылымын тоқтатуды ұйғарды

Sony компаниясы PlayStation 2 консольдерінің сатылымын тоқтатуды ұйғарды

Sony компаниясы PlayStation 2 консольдарын бұдан әрі сатылымға шығаруды тоқтатпақ. 

PS2 консолы 2000 жылдың 4 наурызында сатылымға шыққан еді. Содан бері геймерлердің 150 миллион данасы сатылған екен. Бұл компания тарихындағы ең үлкен сатылым болған еді. 

2006 жылы PS2 орнына жаңа PS3 консолы келді. Бірақ сонда да PS2 сатылымының саны азайған жоқ. 2011 жылы осындай құрылғылардың 4 миллион данасы сатылған екен. 

Қазіргі кезде Sony жаңа PS4 құрылғысын шығару жұмыстарымен айналысып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, ол 2013 жылдың соңына қарай нарыққа шықпақ.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: guardian.co.uk

Б. Қосмағамбет