Жақында iPhone Mini смартфоны шығады

Жақында iPhone Mini смартфоны шығады

Корейлік Samsung компаниясымен бәсекелесу үшін Apple компаниясы үстіміздегі жылы арзан әрі ықшамды iPhone Mini смартфонын шығаратын болды.

Strategy Analytics компаниясының шолушысы Нил Моустонның пікірінше, бүгінгі нарықтатағы смартфондар соғысында Samsung компаниясы айқын басымдылықпен жеңіп келеді екен. Ал Apple компаниясы бұл бәсекелестікте екінші орында. 2013 жылғы бұл қос алыптың арасындағы нарықтық қақтығыс арта бермек дейді шолушы. Өткен жылдың өзінде Samsung компаниясы 290 миллион сматфон сатқан. Apple компаниясының көрсеткіші 180 миллионға әрең жеткен.

Samsung смартфондары әртүрлі болып келеді. Өз кезегінде Apple ұсынған смартфондар тек бір ғана нұсқада шығады. Сондықтан да 2013 жылдан бастап нарықты жаулап алу үшін Apple компаниясы бағасы арзан, пішіні ықшамды смартфондарды саталымға шығарады. Қазірге iPhone Mini-дің қосымша бөліктері қандай болатыны белгісіз. Дегенмен қолда бар ақпараттарға қарағанда, жаңа смартфонда тұтынушылардың пайдалануына барлық жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, қазірге Samsung смартфондарында жоқ екі жаңа қосымша қосылады екен.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:  iphone5.su

Ю. НИКУЛЛИН