Sharp LC-90LE745U: әлемдегі ең үлкен LED-теледидар

Sharp LC-90LE745U: әлемдегі ең үлкен LED-теледидар

Sharp компаниясы өзінің жаңа LC-90LE745U сериялы сұйықкристалды теледидарын ұсынды. Компания хабарлағандай, өнім LED модельдерінің арасынан әлемдегі ең үлкені болып табылады. Теледидар 90 дюймды өлшемге ие және 3D стерео технологиясын да көрсете алады. 

Сондай-ақ теледидар Wi-Fi-ға шығып және Интернет арқылы қосылатын бірнеше қосымшалармен жұмыс жасай алады. LC-90LE745U теледидары Active 3D, AquoMotion 240 және Full Array LED технологияларымен жабдықталған. Экран мүмкіндігі - 1080p. Жаңару жиілігі - 120 Гц

Одан бөлек, теледидарға қосымша екі 3D-көзілдірік беріледі. Қазіргі бағасы шамамен 11 мың АҚШ доллары. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vhztech.com

Б. Қосмағамбет