Астанада күн батареяларын өндіретін зауыт іске қосылды

Астанада күн батареяларын өндіретін зауыт іске қосылды

Астанада тұңғыш рет фотоэлектрлі модульдер шығаратын "Astana Solar" зауыты іске қосылды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Astana Solar" зауыты еліміздегі технологиялық ҚазPV жобасы аясында баламалы энергия түрлерін шығаратын кезекті өндіріс болып отыр. 

Жаңа зауыт өз өнімдеріне шикізатты 100% Қазақстан кремнийінен алып отыр. Зауыт жобалық қуаты жылына 50-100 МВт болатын фотоэлектрлі пластинаны шығара алады. Сондай-ақ зауыттың ашылуы 175 жаңа маманды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Олардың біразы алдын ала шет мемлекетте тәжірибеден өткен екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: kazee.kz

Б. Қосмағамбет