Motorola X Phone телефоны биыл жарық көрмек

Motorola X Phone телефоны биыл жарық көрмек

Жақында сенімді ақпарат көздері Motorola туралы жарыса жазды. Бұл ақпараттарға сүйенсек, Google мен Motorola бірлесіп, ғажайып X Phone нұсқасын жобалап отыр. Бұл түрдегі техника келесі жылы сатылымға шықпақ. Ол Droid түріндегі техника дәуір алмастырғышы емес, қайта мүлде жаңа бастама, мүлде жаңа техника болып жарияланбақ. X Phone жобасы аяқталған соң бұл екі компания бірлесіп X Table тегіс экранды қол компьютерін таныстыратын болады.

Бұл сырлы өнімнің жетекшісі Google компаниясының бірер техникасының директоры атанған Lior Ron. Ron осыдан бұрын бар күшімен электронды карта өнімдерін жасаған болатын. Оның бұл жаңа техникаға араласуы Алма компаниясының мазасын қашырып отыр. Онсыз да Samsung-тың бәсекелестігімен басы қатқан Алма компаниясы алда тағы бір ірі бәсекелестікке тап болмақ.

Алда сатылымға шығатын X Phone-тің ең басты ерекшелігінің бірі суретке тарту аппаратында болмақ. Кейбір ақпарат көздері «бұл түрдегі өнім базарға шықса, тұнықтық деңгейі жоғары фотоаппаратты сатып алу қажетсіз» дейді. Бұл техника  Nexus түріндегі өнімдерде әлі кездеспеген болатын.

Ал тағы бір ерекшелігі оған иілмелі экран орнатылған. төзімділік деңгейі де арттырылған.

Бұл өнім алда Motorola компаниясын техника саласында биікке көтерудің ең алғашқы қадамы болуы әбден мүмкін. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: thisweekin.com

Қ. Қауымбек