Осы жылдың ең үздік гаджеттері

Осы жылдың ең үздік гаджеттері

Бүгін сіздердің назарларыңызға 2012 жылдың ең үздік гаджеттерін ұсынғалы отырмыз:

"Equiso" кілті сіздің теледидарыңызды "Android" қондырғысына айналдырады

"Android" қондырғысының кілті болып саналатын "Equiso" теледидардың HDMI-портына жалғанып, нәтижесінде экранда қосымша (приложения) бөлік шыға келеді. 

"Logitech" ұсынып отырған ультранәзік пернетақта

"iPad"-қа арналған ең үздік аксессуардың қатарына жатады. Айта кетсек, пернетақта "iPad"-қа бекітілетін магнитті клипке ие. Ноутбуктан бас тартқанда қадірі тіптен арта түседі.

Ақылды термостат "Nest 2.0" бөлмедегі температураны қадағалап отырады

Тони Фейдел есімді "iPod"-ты ойлап табушының да бұл дүниеге біршама үлесі қосылған. Ең бастысы, бөлмедегі температураны компьютер арқылы да, смартфонмен де бақылай аласыз. 

"iGrill"  - азық-түліктің температурасын қарап, оны телефоныңызға түсіреді

Bluetooth арқылы азық-түліктің температурасын сіздің смартфоныңыз бен планшетіңізге түсіреді. Құрылымы аса күрделі де емес. Марк Цукербергтің өзі аталған гаджетке ықылас білдіріпті.

"iPhone"-дың камерасын жақсартатын "OlloClip"

"iPhone 4/4S" пен "iPhone 5"-ке жалғанатын объектив болып саналады. 

"Parrot Zik" - ең жақсы құлаққап

Сатылымдағы ең мықты құлаққаптардың бірі әрі бірегейі саналады. Тоқтала кетсек, музыканы басқару үшін бір қапталында сенсорлы жинақтама (панель) орналасқан. Және тыңдаудың көптеген тәртіптерін (режим) таңдауға болады.

Кез келген жерге бекітіле беретін жоғары технологиялы "Ion Air Pro" камерасы

Телефон арқылы басқарылатын шап-шағын "Sphero" робот-шары (шарик)

Смартфоныңызға арналған көп аксессуардың бірі ғана. Алайда, қозғалтқышы бар шар (шарик) "Bluetooth" арқылы смартфонға жалғасып, көптеген қызықты ойындарды ойнауға мүмкіндік береді. Ең қызығы, үй ішінде шарды қуалап жүргенге не жетсін?!

Өз қалпыңызда қалуға көмектесетін "Nike FuelBand"

Сіздің күні бойғы қозғалысыңызды бақылап отырады. Арнайы акселерометрді қолдану арқылы күні бойы қанша қадам жүргеніңізді біле аласыз.  

сурет:crab.kz

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига