iPhone өз қожайынын жүрек қағысынан танитын болады

iPhone өз қожайынын жүрек қағысынан танитын болады

Apple компаниясы iPhone планшетін тұтынушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Жаңа технологияның арқасында енді тұтынушы планшетті тест тапсыру арқылы қолданатын болады.

Планшет ұрланатын немесе жоғалатын әрекеттерге байланысты Apple планшеттің қорғанысын ұлғайтты. Алдағы уақытта планшетті өзге адам қолдану үшін түрлі тесттер тапсыру керек. Ертеректе компания ұсынған тест бойынша адамның түр келбеті мен дауыс ырғағы тексерілетін еді. Енді планшетті адамның жүрек ырғағы арқылы пайдалану жолдарын да Apple қызметкерлері жолға қоюда.

Жаңа қорғаныс үлгісі енді мынадай үлгіде жұмыс істейді. Алдымен планшет қолданушының түр келбетін таниды. Содан соң оның жеке мәліметтерін қарайды. Кейін тұтынушы сатып алған кезде тапсырылған жүрек қағысының ырғағы тексеріледі. Егер де жоғарыдағы тесттерден қолданушы өтпесе, келер жылдың жаз айынан бастап шығатын iPhone 5S маркалы планшетті қолдана алмайды. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: appstudio.org

Ю. НИКУЛЛИН