Facebook желісі 2012 жылғы жұмысқа ең қолайлы орын

Facebook желісі 2012  жылғы жұмысқа ең қолайлы орын

Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook-ті Glassdoor сайтының сауалнамасы «Жылдың жұмыс істеуге ең қолайлы орны» деп таныды.

Glassdoor сайты жыл сайын жұмысқа қолайлы 50 жұмыс орнын таңдап келеді. Қолайлы жұмыс орынды таңдағанда мамандар оның қатынасқа ыңғайлылығын, мансаптық жолын, жалақы мен қосалқы сыйлықтар, жұмыс жоспарын жасау, жұмыс орнының мәдениеті сынды барлық жағдайларға қарайды.

Facebook желісінен басқа үздік елу жұмыс орнының қатарына 19 IT компаниясы кірген екен. Үздік IT компаниясының қатарында Riverbed Technology компаниясы үшінші орыннан көрінсе, Google сегізінші, LinkedIn қоғамдық желісі он төртінші, Intel отыз бірінші, Apple компаниясы отыз төртінші сатыға орналасқан. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: troyka.kiev.ua

Ю. НИКУЛЛИН