ASUS алдағы уақытта MeMO Pad брендімен жаңа планшеттер шығарады

ASUS алдағы уақытта MeMO Pad брендімен жаңа планшеттер шығарады

ASUS компаниясы алдағы уақытта MeMO Pad брендімен екі бірдей планшет шығаруды жоспарлап отыр.

Бүгінгі таңда ASUS компаниясы ASUS MeMO Pad нұсқасына жататын екі жаңа нұсқада планшетті сынақтан өткізуде. Планшеттің біріншісі жеті ядролы, екіншісі он ядролы болады. Ертеректе ASUS бұл екі нұсқалы компьютерді сатылымға шығаруға ниеттенген болатын. Бірақ бұл компанияның алдын Google компаниясының Nexus 7 планшеті орап кеткен. Сондықтан компания басшылары алдағы жылдан бастап ASUS MeMO Pad планшетін шығаруды жөн көрген екен.

ASUS MeMO Pad планшеті Transformer жүйесіндегі барлық талаптарға жауап береді. Жеті ядролық планшеттің құны 100 доллар тұрады. Оның ресми атауы - K001. Экранының үлкендігі 1024х600 пиксел. Әлі де болса бұл планшеттің барлық техникалық мүмкіндіктері жарияланған жоқ. Бірақ, Android Authority баспасының хабарлауынша, K001-де Bluetooth, 3G болады дейді.

Айта кетейік, ASUS-тың MeMO Pad нұсқасындағы алғашқы планшеттер жылдың басында сатылымға түскен болатын. Енді жаңа нұсқасы 2013 жылы АҚШ-тың CES электронды жәрмеңкесінде саудаға түседі. 

Дайындаған:Уалихан Қосанбай

Сурет: hard.compulenta.ru

Л. Лига