"Байқоңырдан" ұшырылған спутник орбитасына жете алмай қалды

"Байқоңырдан" ұшырылған спутник орбитасына жете алмай қалды

8 желтоқсанда "Байқоңыр" айлағынан ұшырылған "Ямал-402" ғарыш аппараты діттеген орбитасына жете алмай қалды.

"Бриз-М" екпіндеткіш блогының марштық қозғалтқышының 4-сатысы қосылғаннан кейін ол есептелген уақыттан кем жұмыс жасады. Осылайша спутник керекті орбитаға жете алмай қалды", - деді ғарыш агенттігінің өкілі. Ол сонымен қатар "Бриз-М"-ді жасап шыққан Хруничев атындағы орталықтың ситуацияны зерттеп жатқандығын айтты.

"Ямал-402" спутнигінің ұшырылу сәті. 08.12.12

"Екпіндеткіш блоктың қанша уақыт жұмыс істегендігін анықтап жатырмыз. Яғни спутниктің қандай биіктікке көтерілгендігін білуіміз керек", - дегенді де қоса айтты агенттік өкілі. Ол сонымен қатар спутниктің қазіргі орбитасы керекті биіктіктен қатты алшақ болса, ситуацияны ғарыш аппаратының өзінің қозғалтқышы арқылы түзеуге болатындығын айтты. "Бортта спутникті геоөтпелі орбитадан геостационар орбитаға өткізуге арналған 2 тонна жанармай бар", - деді өкіл.

Бұл операцияны мұқият зерттеулерден соң "Ямал-402" спутнигін жасап шыққан "Талес Алениа Спейс" фирмасының басқару орталығы жүзеге асыратын болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©РИА Новости

Б. Қосмағамбет