Skype бейнехабарлама жіберу мүмкіндігіне ие болды

Skype бейнехабарлама жіберу мүмкіндігіне ие болды

Ендігі жерде Skype Premium ақылы қызметін пайдаланушылар шектеусіз түрде және кез-келген уақытта бейнехабарламаларды жіберіп немесе жазып ала алады. 

Яғни хабарлама алушы кіріс бейнехабарламаларды кез-келген уақытта, жіберілген мерзіміне қарамастан қабылдап, көре алады. 

Сондай-ақ, осындай мүмкіндік Skype қызметін тегін пайдаланушылар үшін де қызмет жасайды. Бірақ мұндай жағдайда, жіберілетін хабарлама саны шектеулі. Ал оларды сақтау мерзімі 90 күн. 

Қазіргі кезде, интернет-телефония қызметін қолданушылар шұғыл хабрламалар жіберіп, дауыстық және бейне қоңыраулар жасай алатыны белгілі. Одан бөлек, ақылы қызмет түрі үшін қоңыраулар тұрақты және мобильді телефондарға да қосыла алады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: 24gadget.ru

Б. Қосмағамбет