Samsung Galaxy Premier қалтафонының жариялануы 2013 жылға шегерілді

Samsung Galaxy Premier қалтафонының жариялануы 2013 жылға шегерілді

Samsung Galaxy ұялы телефондары бар әлемге белгілі. Дүниежүзінің ең озық компаниялары өндірген хабарласу құрылғыларымен бәсекеге түскен бұл компания үздіксіз жаңартылған нұсқаларын өндіруде. 

Биыл шетел ақпаратының хабарлауынша қарашаның соңы мен желтоқсан айының басында жарнамасы басталуы тиіс болған Samsung Galaxy Premier ұялы телефоны 2013 жылға кешіктірілген. Ең жылдам болғанда қаңтар айында шыққан күнде де жарнамасы екінші айда басталады. Бұл соңғы үлгідегі телефон Galaxy S3 телефонының жеңілдетілген немесе Galaxy Nexus телефонының дамытылған нұсқасы деп айтуға әбден болады.

Сыртқы көрінісі жағынан Galaxy S3 телефонына қатты ұқсайды. Тек қана экраны аздап кішірейтілген (720*1280).  

2013 жылдың алғашқы айларында Ресей және Украина елдерінде сатылымға шығады. Не үшін кешіктірілгені туралы бұл компания әлі тіс жармаған. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек