SONY алтынмен апталған телефон шығарды

SONY алтынмен апталған телефон шығарды

Техниканы алтынмен аптау сәнге айналып бара жатқандай. Жақында алтын жалатылған шаңсорғыш туралы айтып өткен едік.

SONY компаниясы да 24к сары алтын нұсқалы Xperia P телефонын жариялады. Бұл телефонның жер бетінде тек 15 данасы ғана бар. Телефон сыртына алтын жалатылғандықтан, сыртқы телефон қабының салмағы 120 грамм, бірақ ішкі құрылымы жағынан әдеттегі осы нұсқадағы телефонмен бірдей.

1GHz қос ядролы қозғалтқыш, 16GB сақтау кеңістігі 960*540 4 дюмды сезімтал экран орнатылған. HSDPA интернет қызметін қолдануға болады. Бұлардың бәрі де басқа SONY телефондарының қызметімен бірдей. Телефонның ең басты ерекшелігі алтынмен апталып, зерленуінде.

Бірақ компания бұл телефондардың қалай сатылатыны жөнінде әлі де тіс жармаған. Осы компанияның өнімдерін тұтынғанды ұнататын қалталылар үшін бұл таптырмас орай болып тұр.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек