Негізгі / Лайфстайл / Техно / Шолу / Жаңа iPhone 12 қандай болады?
Жаңа iPhone 12 қандай болады?

Жыл сайын жұрт назарын аударатын Apple компаниясы жаңа iPhone 12 смартфонын қалай жасап шығармақ? Қандай ерекшелігі мен артықшылықтары болады? Бұл осы компания тауарларын тұтынатын және жаңа технологияға жаны құмар жандардың ойында жүрген сұрақтардың бірі.

Macotakara интернет басылымы iPhone 12 қандай болатыны жайлы ақпар таратты. Олардың дерегі бойынша Apple компаниясының жаңа өнімі қазіргі iPhone 11 Pro Max смартфонына ұқсас болады. Бірақ корпусы 7,4 миллиметрге жұқа жасалады. Экраны 6,7 дюймді құрайды. Сондай-ақ сарапшылардың пікірі бойынша смартфон дисплейі жаңа электрлюминесцентті OLED-экранмен жабдықталады. Одан өзге смартфон қуаты да көпке шыдайтын болады.

iPhone 12 6,1 және 6,7 дюйімді экранмен екі нұсқада шығады. Қазіргі түрі сияқты үшкамералы болады және жетілдіріле түскен. Қараңғыда да, яғни жарық нашар болса да сурет сапалы шығады.

Жоғарыда айта кеткендер жаңа смартфонның толық ресми сипаттамасы емес. Алдын ала жасалған болжамдар ғана. Ал сатылымға осы жылдың қыркүйек айында шығады деп күтілуде.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: overclockers.ru
Қосылған күні: 22 қаңтар, 19:37
Ұқсас жазбалар:
Google Chrome-дағы құпиясөздер қауіпсіздігін қалай тексеруге болады? Massaget.kz
Жапония 6G жүйесін жасауды қолға алды Massaget.kz