Жаңа нұсқадағы iMac келесі жылға кешіктірілді

Жаңа нұсқадағы iMac келесі жылға кешіктірілді

Алма компаниясының өнімі CEO Tim Cook алдыңғы айда жарияланған болатын. Дегенмен бұл жаңа iMac қамтамасыз етуде қиындыққа жолықты. Алдыңғы аптаның сәрсенбісіндегі мәлімдемеде, өндіріс жағындағы кедергілерге байланысты бұл өнімнің сатылымға шығу уақыты келесі жылға шегерілді делінген.

Осы компанияның интернет сайытындағы MacBidouille есімді қызметкердің француз тіліндегі блогында былай деп жазылған: Алма компаниясының жаңа iMac типті компьютері биылғы жылы сатылымға шығады деп жарияланбаған. Бұл компьютердің жарияланған күнінен бастап сатылымға шыққанға дейінгі уақытының кешігуі көптеген тұтынушылардың айыптау нысанына айналған. Бұл түрдегі компьютердің өте үлкен кемшілігі бар.

Дегенмен бұл кемшіліктер туралы Алма компаниясы әлі тіс жармай отыр. Әлемде бұл компаниясының өнімін төрт көзбен күтіп сатып алатындар жайлы ел-жұрт жақсы біледі. Бірақ, компанияның интернет дүкенінде әлі де ешқандай өзгеріс жоқ. Демек, бұл өнімнің таныстырылу уақыты жыл соңына немесе келесі жылға қалдырылды деген сөз.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: article.wn.com

Қ. Қауымбек