Жапонияда коммерциялық бір адамдық тікұшақ таныстырылды

Жапонияда коммерциялық бір адамдық тікұшақ таныстырылды

Нагояда болған Халықаралық аэроғарыштық көрме барысында жапониялық Hirobo компаниясы өзінің жеке адамға арналған тікұшағын таныстырды. Компания өкілдерінің айтуы бойынша, тікұшақтың алғашқы коммерциялық данасы 2021 жылы шығарылмақ. Бағасы да қомақты - 100 мың еуро. 

 4

Машина көбіне шұғыл жәрдем көрсету жұмыстарына арналған. Тікұшақ дыбыссыздығымен ерекшеленеді. Ал пилотсыз түрлерін жүк тасу жұмысына пайдаланбақ. 

8585858

Тікұшақ сағатына 100 шақырымды еңсере алатын электромотормен жабдықталған. Модель 30 минут бойы қуаттаусыз ұша алады. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com

Б. Қосмағамбет