MasterCard дисплейлі пластикалық карта шығарды

MasterCard дисплейлі пластикалық карта шығарды

MasterCard компаниясы сингапурлық Standard Chartered Bank банкімен бірге дисплейлі интерактивті пластикалық карта жасап шығарды.

NagraID Security шығарған MasterCard Display Card дизайны мен қызметі жағынан қарапайым пластикалық картамен бірдей. Бір ғана айырмашылығы картаның сұйық кристаллды дисплейі және сенсорлы батырмалары бар. Дисплей бетінде карта иесінің ағымдық шоты мен соңғы жасалған операциялары көрсетіледі. Болашақта мамандар карта мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.     

Бұл дисплеймен жасалған алғашқы карта емес. Осыдан бірнеше жыл бұрын Visa осындай типтегі картаны жарыққа шығарған екен. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru

Б. Қосмағамбет