АҚШ-та ең жылдам азаматтық ұшақ сынақтан өтіп жатыр

АҚШ-та ең жылдам азаматтық ұшақ сынақтан өтіп жатыр

АҚШ-тың «XCOR Aerospace» компаниясы азаматтық авиация тарихындағы ең жылдам «Lynx» атты ұшағын сынақтан өткізіп жатыр. Осыған дейін ең жылдам ұшақ ретінде француздық «Конкорд» саналып келген еді. Жаңа «Lynx» суборбитальды болғандықтан, 60 шақырым биіктікке көтеріліп, жылдамдығы сағатына 4150 шақырымға дейін жетеді.

Әзірге ұшақ маршруты тек Нью-Йорк - Токио - Нью-Йорк бағытында ғана болмақ. Бір кемшілігі оған тек екі жолаушы ғана еркін отыра алатындығында болып отыр. Сондықтан да билет құны қомақты. Аталған бағыт үшін сіз 95 000 АҚШ долларына шығындаласыз. Егер барлық сынақ жұмыстары сәтті өтіп жатса, суперұшақ алдағы жылы әуеге жолаушылармен бірге көтерілмек. 

8758

Енді ұшақтың техникалық мүмкіндіктеріне тоқталсақ, «Lynx» сұйық көміртегі мен керосин қоспасымен жұмыс жасайтын төрт зымыран қозғалтқышымен жабдықталған. Ұшақ кабинасы жабық және ауа өткізбейтіндей берік. Оған қоса, қос жолаушы да герметикалық скафандр киетін болады. «Lynx» орындықтары катапульта негізінде жасалған. Сонымен қатар аппарат құтқару жабдықтарымен толық жабдықталатын болады.   

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: infuture.ru

Б. Қосмағамбет