Ғалымдар адам тынысынан электрлік ток алуды үйренді

Ғалымдар адам тынысынан электрлік ток алуды үйренді

Ғалымдар адам тынысынан электрлік тогын алуды үйренді. Висконсин және Мэдисон Университеттерінің екі инженері танаудан секундына жылдамдығы екі метр болатын ауа ағымын электр энергиясына айналдыратын арнайы қабықшаны құрастырды.

Зерттеу технологиялары арнайы материалдың механикалық тербелісінен электр энергиясын алуға негізделеді. Қазіргі жағдайда ол үшін поливинилиденфторидтан (ПВДФ) дайындалған жуан қабықша пайдалануда.

Ғалымдардың бірі Сюйдун Ван "Біз бұл материалды өте жіңішке етіп жасап көрсек, онда кішкене тербелістің өзі электр энергиясының микроватын өндіре алады деп есептейміз", -деді. Мұндай жолмен алынған энергия датчиктерді, қан құрамындағы глюкозаның деңгейін, жүрек тексеру құралдарын және тағы да басқа сенсорларды электрмен қоректендіру үшін жеткілікті болады.

Ертеректе ғалымдар пьезоэлектрлік нәтижені қолдана отырып, автокөлік қозғалысынан кейінгі жолдар дірілін өңдеу арқылы электр энергиясын алуға болатын басқа тәсілді ойлап тапқан болатын. Өңделініп алынған бұл энергия жолдағы батареяларда сақталынып, жол белгілерін және бағдаршамдарды қоректендіре алады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: infuture.ru

Б. Қосмағамбет