"Кьюриосити" Марс топырағының Жердікіне ұқсайтынын анықтады

"Кьюриосити" Марс топырағының Жердікіне ұқсайтынын анықтады

"Кьюриосити" алғаш рет марстық топыраққа анализ жасады. Ол құрамы бойынша вулкан тастарына ұқсас келеді екен. Бұл туралы NASA сайтында жарияланды.

Топыраққа анализ аппарат ішінде орналасқан CheMin атты құрылғы арқылы жасалған. Топырақ құрылғы ішіне манипулятор арқылы кіргізілген екен. Анализ жасалар алдында топырақ іріктеліп 0,15 мм болатын тастар ғана сынаққа алынған.   

Құрылғы ішінде топырақ рентген сәулесімен жарықтанып, анализ жасалды. Сынақ тек топырақ құрамын ғана емес, сонымен бірге кристалды құрылымын да зерттеуге мүмкіндік береді. Рентгенді анализ арқылы топырақтың геологиялық процестерін де анықтауға болады екен.   

Осы зерттеулер нәтижесінде ғалымдар Қызыл ғаламшар топырағының жартысына жуығы аморфты, вулканды құмды заттардан тұратынын анықтады. Ал топырақтың қалған бөлігі оливен, шпат, пироксеннен тұратыны белгілі болды. Ғалымдардың айтуы бойынша, осындай құрамдағы вулканды топырақтар көбінесе Гавай аралдарында кездеседі екен.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: licet.ru

Б. Қосмағамбет