Мүгедектерге арналған жаңа арба баспалдақпен де жүре алатын болды (Видео)

Мүгедектерге арналған жаңа арба баспалдақпен де жүре алатын болды (Видео)

Жапониядағы Чиба технологиялық институтының ғалымдары жаңа мүгедектер арбасын жасап шығарды. Жаңа арба мүмкіндігі шектеулі жандарға баспалдақ арқылы да жүруге мүмкіндік береді. Ол үшін бар болғаны джойстик арқылы арба қозғалысының бағытын көрсетсеңіз болғаны.    

55

Модель автоматты түрде жер бетін танып, оған сай өздігінен әрекет ете алады. Дөңгелектері мен отырғышы да әртүрлі қалыпқа ене алады екен. Сондай-ақ арба тар кеңістікте де қозғалау мүмкіндігіне ие. Мамандар бұл арбаны әзірге тек концепт қана деп отыр. Сондықтан арба әлі де өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қажет етіп отыр. Ғалымдар болашақта бұл жаңа арбалардың мұқтаж жандарға зор көмегі болатынына сенімді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru

Б. Қосмағамбет