CIROS: салат жасауға арналған робот

CIROS: салат жасауға арналған робот

Корей ғылым және технология университетінің (KIST) ғалымдары Robot World 2012 көрмесінде салат жасауға арналған CIROS атты роботын көпшілік назарына ұсынды. 

Бірақ робот жұмысы шапшаңдыққа негізделмеген. Үйіңізге қонақ келе қалса, асханаңыздағы жұмысыңыздың бәрін "темір аспазшыға" сеніп тапсыру біраз уақытыңызды алады. Сондықтан роботты сіз тек бос уақытыңызда асықпай отырып жұмсасаңыз болады. Ол салатқа қажетті көкөністерді турап қана қоймай, әртүрлі соустарды құйып, сізге дайын, дәмді салат дайындап бере алады.   

88888888

KIST инженерлерінің айтуы бойынша, робот асханадағы барлық құрал-жабдықтар мен техниканы, ыдыс-аяқтарды ажырата алады. Яғни, салат түрлеріне байланысты ыдыс-аяқтар мен көкөністерді өзі танып таңдап алады. 

CIROS стереокамерамен, микрофонмен және инфрақызыл датчикпен жабдықталған. Лазерлік сәуле арқылы ол жолындағы кедергілерден де айналып өтіп, қалаған жеріне еш қиындықсыз жете алады. Ал микрофон арқылы ол адамдар бұйрығын ести отырып, шешім қабылдайды. Іске кірісер алдында робот "құп болады" деген сөзді айтуды да ұмытпайды екен. 

CIROS-тың салмағы - 150 килограмм болса, бойы - 160 сантиметр.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru 

Б. Қосмағамбет