Техно шолу: Huawei P 20 Pro және P 20 Lite

Техно шолу: Huawei P 20 Pro және P 20 Lite
Фото: Yernar Almabek

Massaget.kz Huawei Р сериялы смартфондарының легін жалғастырады. Бұған дейін Huawei P 20 флагмандық смартфоны назарларыңызға ұсынылды. Бұл шолуда Huawei P 20 Pro және P 20 Lite модельдерін қатар тестілеп көрдік. Қабыл алыңыздар.

P 20 Lite – смартфоны орта сегменттегі қабілетті смартфон. Функционалдық мүмкіндіктері айрықша назар аударуға тұрарлық. Авторлық EMUI 8.0 интерфейсі жасанды интеллекті арқылы смартфон өнімділігі мен жылдамдығын қадағалап, оптималды күйде сақтайды. 16/2 Leica камераларында кәсіпқой фото, түнгі түсірілім, ашық бояулы режим, құжат сканерлеу, кәсіпқой видео, SlowMotion функциялары бар.

P 20 Pro моделінің дисплейі 6.1 дюймдік OLED матрицалы Full HD 2240x1080 анықтыққа ие. Ал 3 модульді Leica камералары кәсіби фотоаппаратты алмастыра алады, Master AI жасанды интеллект нысандарды анықтап, кескінге сай эффектілер мен баптауларды орнатады. HUAWEI SuperCharge функциясы батареяны жылдам қуаттайды. Ал толық қуатталған смартфон 1 жарым күнге жетеді.

Huawei P 20 Lite iшкі құрылымы

Процессоры: HUAWEI Kirin 659

Жедел жады: 4 GB  
Ішкі жады: 64 GB + microSD 256 GB
Батарея қуаттылығы: cағатына 3000 мА  
Негізгі камералар: 16/2 мегапиксель 
Фронтал камера: 16 мегапиксель

Huawei P 20 Pro iшкі құрылымы

Процессоры: HUAWEI Kirin 970
Жедел жады: 6 GB 
Ішкі жады: 128 GB
Батарея қуаттылығы: cағатына 4000 мА 
Негізгі камералар: 40/20/8 мегапиксель
Фронтал камера: 24 мегапиксель

Massaget.kz