Техно шолу: Huawei Watch 2

Техно шолу: Huawei Watch 2
Фото: Yernar Almabek

Huawei компаниясы өз смартфондарымен қатар планшеттер, фитнес-білезіктер және ақылды сағаттарды жасап, сатылымға шығарып жүр. Әр құрылғы бірегей дизайнда, жан-жақты функциялармен жасалады. Сондай айрықша девайстың бірі – Huawei Watch 2.

Ақылды сағаттың алғашқы Huawei Watch моделі классикалық үлгіде жасалған еді. Бұл жолғы Huawei Watch 2 спорттық, еркін стильге негізделген. Ал классикалық үлгіні ұнататындар үшін Huawei Watch 2 Classic ақылды сағаты қоса жасап шығарылған.

Huawei Watch 2 спортпен тұрақты айналысатындар үшін таптырмас девайс, сондай-ақ, ақылды сағат смартфонның біршама функцияларын алмастыра алады. 

Оперативті жүйесі: Android Wear 2.0
Процессоры: 4 ядролы Qualcomm Snapdragon 2100, 1100 МГц
Қабылдайтын платформалары: Android 4.3 пен iOS 9-дан жоғары
Ішкі жады: 4 GB
Жедел жады: 768 MB
Дисплей: сенсорлы AMOLED
Батарея қуаттылығы: сағатына 420 mA 
Корпус материалы: пластик
Қолбау материалы: силикон

Massaget.kz