Windows 8-ге арналған Skype таныстырылды

Windows 8-ге арналған Skype таныстырылды

Microsoft компаниясы Windows 8-ге арналған жаңа Skype қосымшасын таныстырды. Skype блогындағы мәліметтер бойынша, ол 26 қазанда жаңа операциондық жүйемен бірге сатылымға шығады екен. 

Қосымшаны Windows 8 операциондық жүйесіне арналған Windows Store интернет-дүкенінен сатып, жүктеп алуға болады. Skype қондырылғаннан кейін, экран бетінде соңғы хабарламалар мен қоңыраулар тізімі шығатын болады. 

Windows 8-дің жаңа Skype қосымшасы фондық режимде жұмыс жасайтын болады. Яғни егер қолданушыда басқа бағдарлама ашылып тұрған болса, қосымшаға хабарлама келген бойда, экран бұрышынан ескертпе шығатын болады.  

Skype қосымшасы қолданушылар арасында тікелей бейнемен толық экран арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді. Windows 8-де орнатылған Snap функциясы арқылы қолданушы Skype-та отырып-ақ басқа бағдарламалармен, мысалы браузерлер немесе текстік редактормен жұмыс жасай алады.     

Skype IP-телефония қызметі 2011 жылдан бері Microsoft компаниясына тиесілі. Бұл келісім Стив Балмер компаниясына 8,5 миллиард долларға түсті.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: winosreview.ru

Б. Қосмағамбет