Microsoft өзінің жаңа Surface планшетінің бағасын жариялады

Microsoft өзінің жаңа Surface планшетінің бағасын жариялады

Американдық Microsoft компаниясы ресми сайтында өзінің жаңа Surface атты планшетінің бағасын жариялады. Планшет жаңа Windows 8 операциондық жүйеде жұмыс жасайтын болады. Айта кетейік, бұл су жаңа операциондық жүйе смартфондармен бірге қалың көпшілікке жол тартпақ. 

Surface планшеті ARM процессоры негізінде жұмыс жасайды. Оған қоса Touch Cover атты сыртқы жұқа клавиатурасы да бар. Екеуін қосқандағы бағасы $599 мен $699 аралығында болмақ. Баға да құрылғыда орнатылған жадқа тікелей байланысты болады (34 немесе 64 Гбайт). Сыртқы жұқа клавиатурасыз 32 Гбайт $499 долларды құрайтын болады.

Touch Cover сыртқы жұқа клавиатурасы әртүрлі түсте болмақ және оны бөлек сатып алуға да болады. Оның бағасы $120 мен $130 аралығында. Ол аппараттық және сенсорлық деп екі түрге бөлінген. 

Планшет осы айдың 26-жұлдызында сатылымға шығады.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: hi-tech.mail.ru

Б. Қосмағамбет