Қазақша Википедия 35-орынға көтерілді

Қазақша Википедия 35-орынға көтерілді

Википедияның қазақша нұсқасының рейтингі 127-орыннан 35-орынға көтерілді, деп хабарлайды Today.kz

Бұл туралы бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Мемлекеттік тілді дамытудағы проблемалар туралы» атты жиын барысында мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев хабарлады.

«Халықаралық Википедия порталын қазақ тіліндегі материалдармен толықтыру бойынша жұмыстар іске асырылуда. Осы жылдың өзінде бұл порталға 100 мыңнан астам материал орналастырылды. Осыған орай, Википедияның қазақ тіліндегі нұсқасының рейтингі 127-орыннан 35-орынға көтерілді», - дейді Арман Қырықбаев.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: baq.kz

Б. Қосмағамбет