Еуропалық ATV-3 Тынық мұхитының тұңғиығына батып кетті

Еуропалық  ATV-3 Тынық мұхитының тұңғиығына батып кетті

ATV-3 (Automated Transfer Vehicle) атты Еуропа ғарыштық жүк тасығыш кемесі орбита бетіне еніп, "ғарыш кемелерінің моласы" аталатын кеме қозғалысы жүрмейтін аймаққа батып кетті, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.

Жүк тасығыш ХҒС-тен (халықаралық ғарыш Станциясы) 29 қыркүйекте екінші мүмкіндіктен кейін ғана ажыратылған еді. Біріншісі радиобұйрық кезінде орын алған қателік кесірінен мүмкін болмаған. 

"Жер шарының атмосферасында жанып үлгермеген кеме бөліктері Тынық мұхитының кеме жүрмес арнайы аймағына жүргізілген есеппен сәтті тасталынды",-деп хабарлады ұшуды басқару Орталығы (ҰБО). 

"Эдоардо Амальди" аталған бұл кеме ХҒС-мен 29 наурыз күні түйіскен еді. Ол станцияға су, жанармай, оттегі, азық-түлік және т.б жалпы салмағы 6,5 тонна болатын жүк әкелді. ATV-3 жүккөтергіштігі жөнінен барлық ғарыш кемелерінен асып түседі. Оған тең келер тек жоғары дәрежедегі ресейлік "Прогресс" кемесі ғана. Сонымен қатар ол ғарыштық қоқыстардан да қорғана алатындай жабдықталған.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: spacesafetymagazine.com

Б. Қосмағамбет