Samsung S8 және S8+ смартфондарын таныстырды

Samsung S8 және S8+ смартфондарын таныстырды
Фото: hightech.fm

Samsung компаниясы ресми түрде S8 және S8+ смартфондарын таныстырды. Аталған қос смартфон экрандары – 5,8 және 6,2 диюм, дыбыс көмекшісі Bixby-мен жабдықталған. 

Смартфонда қолыңызға алған кезде ең бірінші көзіңізге оның AMOLED дисплейімен жабдықталған экраны түседі. Бұл аталан смартфонның 83% бөлігін дисплей алып жатыр деген сөз. Батырмалар мен логотиптер алынып тасталған, дактилоскоп құрылғысы артқы бөлікке ауысып, камераның жанына орналасқан. Жоғары жағында тек қана фронтальды камера, құлаққапқа арналған ұяшықпен, көз сканері қалған. 

Galaxy S8 екі түрлі болып жарыққа шықты. Базалық түрі 5,8 дюймді, 2960х1440 бағанда кеңейтілген және S8+ – 6,2 дюйімді дисплей түрі. Екі түрі де HDR түріндегі суреттер мен видеоларды көрсетуге арналған. Көлеміне қарамастан екі смартфон қолға ұстауға ыңғайластырылып жасалған. 

Galaxy S8 –дің көлемі – 15 см х6,9 см 0,8 см, салмағы – 156 г. Ал S8+ – 16 см х 7,4 см х 0,8см, салмағы – 173г. 

Жоғарыда атап көрсеткен Bixby дыбыс көмекшісі құрылғы ретіндегі жұмысымен қатар он бес мың түрлі тапсырманы орындауға қауқарлы. Аталған көмекші арқылы көріп отырған сурет немесе видеоны басқа біреуге жібере аласыз, дисплейдің алуандығын өзгертуге де болады. 

АҚШ жерінде Galaxy S8 ең бірінші Qualcomm, Snapdragon 835 SoC жүйесімен жұмыс жасайтын болады. Ал қалған елдерде бұл жүйенің Samsung Exynos 8895 SoC түрі қарастырылған. Смартфонның жады – 4 ГБ. Қосымша – 64 ГБ. USB-C порты да бар. Алдыңғы камерасы – 8 мегапикселді құрайды. Ал негізгі камера – Dual Pixel-дің 12 – ші деңгейімен жабдықталған. 

Аталған қос бірдей смартфон сатылымға осы жылдың сәуір айының 21 жұлдызында шығады.  

М. Ақан