Көлік моторының майын тексеруді үйреніп алыңыз...

Көлік моторының майын тексеруді үйреніп алыңыз...

1. Мотор майының мөлшерін тексеру

Машинаны тегіс жерге тоқтатып, моторды қозғалтудан бұрын немесе қозғалтқаннан кейін 5-10 минуттан соң мотор майын өлшейтін сүмбі темірді алып, таза матамен сүртіп тастайсыз да, қайта орнына салып, тексересіз. Алып шыққаннан кейінгі темір ұшындағы май деңгейін бақылайсыз. Темір ұшындағы екі сызық ең төменгі және ең жоғарғы май деңгейін білдіреді. Жоғарыдағысы ең көп болғандағы, ал төменгісі тым аз болғандағы деңгей сызықтары. Темір ұшына жұққан май бұл екі сызықтың ортасында болғанда, мотор майының мөлшері қалыпты екендігін білдіреді.

Ескерте кететіні, мотор майының деңгейі тым жоғары болғаны да (жоғарғы сызықтың үстінде), тым төмен болғаны да (төменгі сызықтың астында) көлігіңіздің ақаусыздығына тигізер зияны зор. Сондықтан әр күні жолға шығар алдында бұл тексеруді әдетке айналдырып, бақылап отырғаныңыз абзал.

2. Мотор майының қысымы мен сапасын тексеру

Мотор қалыпты температурада оталып тұрғандағы мотор майының қысымы 128 kPa болуы керек. Мотор қалыпты жұмыс барысында мотор майының қысымы 300-400 kPa аралығында болады. Мотор майының қысым сағаты орнатылған машиналарда, мотор қозғалып тұрған мезетте қысым сағаты өшуі керек.

Моторды өшіргеннен кейін, мотор майын өлшеуіш сүмбі темірді суырып алып, темір ұшына жұққан майды қағазға тамызамыз да, аз уақыт өткен соң, мотор майының көнеру жағдайын тексереміз. Тамған мотор майы сүт реңді болса, майға өте көп мөлшерде су немесе суыту сұйықтығы араласқанын білеміз. Бұл көбінде моторға су түсіп кеткен жағдайда кездеседі. Егер қағаз бетіне көп мөлшерде металь ұнтағы немесе қара түсті шөкпе зат жиналса, мотордың жемірілгені мен мотор майының көнергенін білдіреді. Қағаз бетіндегі мотор майында бензин иісі күшті әрі мотор майы сұйық болса, майға көп мөлшерде бензин араласып, жабысқақтығы төмендегендігінен дерек береді.

Жоғарыдағы жағдайлар кездескенде, арнайы маманнан кеңес сұрап, мотор майын ауыстырып алғаныңыз, көлік моторының өзге де ақауларының алдын алады.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: 3at.ru

Қ. Қауымбек