Инженерлер ылғалданбайтын материал жасап шығарды

Инженерлер ылғалданбайтын материал жасап шығарды

Инженерлер ылғалданбайтын материал жасап шығарды, деп хабарлайды Lenta.ru Soft Matter журналына сілтеме жасай отырып.

Бұл ерекше өнертабыс кремнийді фотолитографиялау арқылы дүниеге келді. Материалға гиперболидқа ұқсас бүршіктер арқылы микротекстуралық пішін берілген. Химиялық өңдеуден соң материал өзінен ылғалды тебетін қасиетке ие болды.

Өнертабыстың ерекшелігі сол, бетіне түскен сұйық кеуіп жоқ болғанша өзінің сфералық пішінін сақтап тұрады. Айта кетелік, бұған дейінгі жасалған осы тектес материaлдар бетіне сұйық түскен соң, біраз уақыттан кейін ылғалдана бастайтын еді.

Ал жаңа материалдың үстіне төгілген сұйық сфералық пішінін соңына дейін сақтап тұрады. Өнертабысты шаң-тозаңға төзімді материал жасау кезінде пайдалануға болады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: lenta.ru