Әлемдегі ең құрметті компаниялар рейтингі

Әлемдегі ең құрметті компаниялар рейтингі

Reputation Institute әлемдегі ең құрметті компаниялардың тізімін жасады.  

10 орын - LEGO 

Балаларға арналған басқатырғыштар мен құрастырғыштар шығаратын танымал дат компаниясы нарықта 80 жыл бойы еңбек етіп келеді. 


9 орын - Canon 
Жапондық компания үй мен кеңсеге арналған сандық техника шығарудың көшбасшыларының бірі.


8 орын - Volkswagen 
Volkswagen неміс автоөндірушісі Audi, Škoda, Bentley, Bugatti, Lamborghini сияқты өнімдер шығаратын 342 компаниядан тұрады.
 

7 орын - Microsoft
Бағдарламалық қамсыздандыру мен сервер және жеке компьютерлер үшін интернет технологиялардың қызметін көрсететін ірі компания. 


6 орын - Google 
1998 жылы АҚШ-та негізі қаланған компания интернет-өнімдер жасап шығарумен айналысады. 


5 орын - Apple 
Әлемді өзгерткен үшінші алма дербес және планшетті компьютер, аудиоплеер, телефон жасап шығарумен, сонымен қатар, бағдарламалық қамсыздандырумен айналысады.



4 орын - Daimler 
1883 жылдан бастап еңбек етіп келе жатқан неміс автоөндірушісі әлемдегі ең мықты автоөндіруші компаниялардың қатарына енеді. Maybach, Mercedes-Benz, Mercedes-AMG, Smart т.б. маркілі автокөліктерді шығарады. 


3 орын - The Walt Disney Company 
Уолт пен Рой Диснейлер негізін қалаған компания бүгінде Голливудтағы ең ірі студиялардың бірі. 


2 орын - Sony 
Жапонияда құрылған компания тұрмыстық және кәсіптік электроника, жоғарғы технологиялық өнімдерді өндіреді. 


Тұғырдың ең биігі кімге тиесілі екен деп тағат таппай отырған боларсыз. Бірінші орынға өз тарихын ұшақ жасаудан бастаған бүгінде ірі автоөндіруші компаниялардың бірі болып отырған BMW компаниясы лайық деп табылды. 
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: kubik777.ru, alnabilagrandmakadi.com, aboutcar.ru, urazaev.com, 
zoom.cnews.ru, avtohata.net, dapsmagic.com6 infozoom.ru, 
mrzclub.ru, tf2fan.com
М. Оңғарова