Әлемнің ең қымбат брендтері аталды

Әлемнің ең қымбат брендтері аталды
Фото: 24today.net

Interbrand Corp консалтинг агенттігі 2015 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингін құрастырды.

Рейтингке сәйкес, бірінші орынды Apple иеленген, оның құны бір жыл ішінде бес пайызға өскен, 179,1 миллиард доллар. Екінші орында Google (11 пайызға өсіп, 133,3 миллиард долларды құраған). Үздік үштікте 13 жыл бойы біріншілікті бермеген Coca-Cola (7 пайыз төмендеп, 73,1 миллиард доллар). Lenta.ru мәліметінше, соңғы төрт жылда осы үш бренд үздік үштіктен түспеген, тек орындарын ауыстырған.

Рейтингтің бірінші ондығына жоғары технологиялы секторының өкілдері кірген, соның ішінде Microsoft (төртінші орын 72,8 миллиард доллар), IBM (алтыншы орын 52,5 миллиард доллар), Samsung (жетінші орын 51,8 миллиард доллар), Amazon (сегізінші орын 50,3 миллиард доллар). Сонымен қатар, ондықта автомобиль брендтері де бар  Toyota (бесінші орын) және Mercedes (тоғызыншы орын), сонымен қатар General Electric (оныншы орын).

Айта кетейік, тез өсіп келе жатқан бренд Facebook (48 пайызға өсіп, 32,6 миллиард долларды құраған) болып, 15-ші орынға табан тіреген. Рейтинг соңында 99-шы және 100-ші орындарда Lenovo мен Tesla брендтері жайғасқан. 

Брендтер құнын есептеу барысында, компанияның қаржылық нәтижелері, олардың тұтынушыларға әсері және кірісті қамтамасыз ету ескерілген.

B. ZHAQSYMBET