Әлемде күніне 1,3 млн Android-құрылғы сатылады

Әлемде күніне 1,3 млн Android-құрылғы сатылады

Әлем бойынша күніне Android платформасындағы 1,3 миллион құрылғы іске қосылып отырады. Бұл туралы РИА Жаңалықтар хабарлады.

"Соңғы екі айда бұл көрсеткіш 300 мыңға өсті", - деді Google компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Эрик Шмидт Нью-Йорк қаласында өткен Motorola Mobility сматфонының презентациясы кезінде.

Бұған дейін компания топ-менеджері Хьюго Барра Google I/O конференциясында күніне сатып алынып жатқан Android-гаджеттердің саны миллионнан асып кетті деген болатын. Бұл өсім 2011 жылдың соңында екі еселенді.

Шмидт сол 1,3 миллион құрылғының 70 пайызы планшеттік компьютерлерге тиесілі екендігін айта отырып, Google-дың планештті компьютерлер секторында кейін қалып қойғандығын мойындады.

Қазіргі кезде пайдаланылып жатқан Android-құрылғылардың саны 500 миллионға жақындап қалды. Салыстыру үшін айта кетелік, шілде айының соңында Apple компаниясы iOS платформасында жұмыс істейтін 410 миллион мобильдік құрылғының сатылғандығын айтқан болатын.

Gartner аналитика компаниясының мәліметтері бойынша, үстіміздегі жылдың екінші бөлігіндегі Google Android-тың смартфондар нарығындағы үлес салмағы 64 пайызды құрап отыр. Дегенмен платформа планшет нарығында Apple iOS-тан кейін екінші орында тұр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: digit.ru