Google қамқорлығы...

Google қамқорлығы...

Қандай компания болмасын, оның ең басты активі - компания қызметшілері екені белгілі. Сондықтан да көптеген басшылар өз фирмасының одан әрі дамып, биік шыңдарды бағындыруы үшін қызметкерлеріне алуан түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтарды ойлап тауып жатады. Бұған таңданудың қажеті жоқ. Жақында жасалған сараптама бойынша, кейбір корпорацияларда жұмыс істеудің тек көздің тірісінде ғана емес, өлімнен соң да тиімді екені анықталды.

Әлемдегі ең танымал іздеуші жүйесіне ие Google компаниясы қызметкерлерге қосымша игілік жасаумен танымал екені бұрыннан бүкіл әлемге белгілі. 1998 жылы Стэнфорд университетінің студенттері Сергей Брин мен Ларри Пейдж негізін қалаған бұл корпорация қызметкерлерге жасалған жеңілдіктердің арқасында Fortune журналы жасаған "АҚШ елінің ең үздік жұмыс берушілері рейтингісінде" бірнеше рет үздік ондықтан көрінді.

2007 және 2008 жылдары Google тіпті ең үздік атанды. Алайда келесі жылы әлемдік дағдарыс салдарынан 4-орынға түсіп қалған еді. Ал 2012 жылы қайтадан бірінші орынды иеленді. Ағымдағы жылы аталған компания "бонустар королі» деп танылды.

Айтар болсақ, өткен жылдың жазында Google өз қызметкерлеріне арнап спорт комплексін ашты. Оның ішінде баскетбол, футбол, хоккей алаңдары және екі теннис корты орналасқан. «Гуглдіктердің» өмірден ләззат алулары үшін боулинг және би студиясы жасалған. Сонымен қатар, компания қызметкерлері тегін тамақпен де қамтамасыз етілген. Айта кетсек, калифорниялық Маунтинг-Вьюдегі Google-дың штаб-пәтерінде соңғы жылдары кафе мен ресторандар саны 11-ден 25-ке артқан.

Тамыз айының басында Google қызметшілерінің директоры Ласло Бок Forbes журналына берген сұхбатында, аталған корпорация дүниеден озған қызметерлеріне де жеңілдік беретіні жайлы анықталды. Мұндай қызмет түрі өткен жылы енгізілген екен, алайда, осы уақытқа дейін еш хабарланбаған.

Егер кез келген «гуглдық» қызметкер өмірден озса, компания он жыл бойы оның жарына немесе жұбайына жарты айлық жалақы мөлшерін беріп отырады. Сонымен қатар, жеңілдіктер өмірден озған қызметкерлердің балаларына да қарастырылған:  әр ай сайын әр бала мың доллардан алып тұрады. Төлемақы бала 19 жасқа толмағанша жалғасады (егер ЖОО-ға түссе 23 жасқа дейін).

Боктың айтуынша, өлімнен кейінгі жеңілдікке Google компаниясының 34 мың қызметкері үміттене алады. Google қызметшілерінің директоры Ласло Бок мұндай жәрдемнен компания ешқандай табыс көріп отырмағынын және де қиналып, қаралы күн кешіп жүрген жұмысшыларға компания өз жәрдемін ұсынуды міндет деп есептейтінін айтты.

Айта кетсек, басқа компаниялар да өз қызметкерлеріне айтарлықтай қамқорлық көрсетуде. Әсіресе Қытай компаниялары. Егер қызметкер жұбайы/жарымен немесе жүріп жүрген қызы/жігітімен ұрсысып қалған болса, оны ынталандыру мақсатында оған үшкүндік демалыс беруге де дайын екен. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: stylishomes.com

Ж. FM